«Uniserv» компаниясы 2002 жылдың 16 қаңтарында Орал қаласында құрылды. Құрылтайшысы Сәтбаев Нұрғазы Сәтбайұлы компанияны Қарашығанақ кен орнының (Ақсай) өндірісі шарықтаған уақытта, Батыс Қазақстан облысының экономикасының қарқынды дамыған кезеңінде құрды.
Олар да басқалар сияқты саудадан, жанар-жағармайды, қосалқы бөлшектерді сатудан, құрылыс техникасын жалға беруден, өнеркәсіп нысандарын салуға қосалқы мердігерлерді тартудан бастады. Бастапқы капиталды табуға бар күштерін салды. Алғашында серіктестікте санаулы ғана адам жұмыс істесе де, олар басшының ойымен толыққанды бөлісетін өз ісінің кәсіби мамандары болатын. Олардың ешқайсысы басқа фирмаларға оңай ақша табу үшін кетіп қалмай, кәзіргі таңда компанияның дамуына үлестерін қосуда
Подробнее